Атыраулық полицейлер үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі түнгі уақытта орын алады. Осы ретте, патрульдік полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарын ұдайы жүргізу үстінде.
Жыл басынан бері 37 үй жануарларының қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркеліп, көлік пен мал иелеріне материалдық шығын әкеліп, дене жарақатын алғандар да бар. Полиция қызметкерлері үй жануарларын қараусыз қалдырған мал иелерін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартуда. Түнгі уақытта жол жиегінде мал жануарларының жүретінін біле тұра, жол белгілерінің талаптары мен жылдамдық режимін сақтамауының әсерінен жол-көлік оқиғасы орын алады.
"Атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне қала сыртындағы тас жолдарда көлік құралын басқару кезінде белгіленген жалдамдық режимін сақтап, әсіресе, елдімекен тұсынан өткен кезде барынша сақтық шараларын қолға алуды ескертеді" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ