Атырауда 3400 данадан астам балық шабақтары Жайық өзеніне жіберілді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Жайық-Каспий Облысаралық Бассейіндік Балық Шаруашылығы Инспекциясының баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, Индер балық инспекция бөлімінің ұйымдастыруымен уақ шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілді.
Жарсуат ауылдық округіне қатысты 5 ауыл су тоғанында шабақтар құтқарылып, шамамен 3400 данадан астам жас шабақтар Жайық өзеніне жіберілді.
Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға Жарсуат ауылдык округі әкімдігі қызметкерлері де қатысты.
Еске салсақ, балық құтқару жұмыстары өзге инспекция бөлімдерінде де қарқынды жүріп жатыр.