Атырауда 3 сынып оқушысы 20 күн сабақтан қалған

Жасөспірім баласын ұзақ уақыт сабаққа жібермеген ана жазаланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта құқық бұзушының ұлы - 3 сынып оқушысы  дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған.

Мира Нұртаева

Фото: freepik.com