Атырауда 29 жылдан бері төлқұжатын өзгертпеген тұрғын жаңа куәлік алды

Атырау облысы Индер ауданының тұрғыны полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының қызметкерлеріне алғысын білдірді.
1964 жылғы Индер аудан тұрғыны Төремұрат Қамиев жеке басын куәландыратын құжаты 1993 жылдан бері Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ескі үлгісінен өзгертілмегені анықталды. Сол себепті 58 жастағы тұрғынға Индер ауданы көші-қон қызмет тобының қызметкерлеріне келіп, жеке куәлігін жаңарту жөнінде өтініш жасаған.
Азаматтың өтініші бойынша, көші-қон қызмет тобының қызметкерлері жұмыс барысында қырағылық танытып, тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын анықтау қызметтерін көрсетіп, жаңадан жеке басын куәландыратын төл құжатын дайындап табыстады. Тұрғынның айтуынша ол осынша уақыт аралығында құжатының жаңармауына отбасылық мәселелердің себеп болғанын жеткізген.