Орталық алаңда "Мұнайлы өлке шамдары" OPEN AIR концерті өткізілуіне байланысты бірнеше орталық көшелер жабылады, деп хабарлайды ATPress. kz.
27 тамыз күні сағат 18:00-ден бастап 28 тамыз күні сағат 00:00-ге дейін Махамбет және Исатай алаңында "Мұнайлы өлке шамдары" OPEN AIR концерті өткізілуіне байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі бағыттар бойынша жолдар уақытша жабылады:
Сәтпаев-Тайманов көшелері қиылысынан бастап Тайманов-Жарбосынов көшелері қиылысына дейін, Ерниязов-Құлманов көшесі қиылысынан бастап Тайманов-Құлманов көшесі қиылысына дейін.
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Фото ашық дереккөздерден алынды.