Атырауда 255 адам мемлекеттік тілді тегін оқып жатыр

«Тіл» оқу- әдістемелік орталығында  стандартқа сәйкес 5 деңгей бойынша үш тілді тегін меңгеруге болады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Орталықта білім алушылардың ең жасы 18-де, ал үлкені 77 жаста. 

"Жыл басынан бері мекемелер мен жеке азаматтардың сұранысы бойынша 33 топ ашылды. Атап айтсақ,  «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына 18 топ,  «Ағылшын тілін оқыту» курсына 13 топ,  «Орыс тілін оқыту» курсына 2 топ ашылды. Қазір, осы топтарға бөлінген 300-ден аса ересек тегін білім алып жатыр. Алдағы уақытқа тұрғындардың өтінішіне сәйкес,  «Мемлекеттік тілді оқыту» және «Ағылшын тілін оқыту» курстарына жаңа топтар ашылады", - деді орталық басшысының міндетін атқарушы Лаура Газизова. 

Анықтама үшін: былтыр  900 адам оқып шықты, оның ішінде  «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына – 375, «Ағылшын тілін оқыту» курсына – 300,  «Орыс  тілін  оқыту»  курсына  30 және біліктілікті арттыру семинарына 195 азамат қатысты. Биыл 950 адамды оқыту жоспарланып отыр. Оның ішінде  «Мемлекеттік тілді оқыту» курсына – 375, «Ағылшын тілін оқыту» курсына – 315,  «Орыс  тілін  оқыту»  курсына  30   және біліктілік арттыру семинарына 215 азаматты қамтылады деп күтілуде.