Атырауда 25 тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Атыраулық полицейлер 25 адамнан 30 млн теңгені иемденген алаяқты ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

№2  Атырау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 2022 жылдың мамыр айы мен  қаңтар айы аралығында "Грант" бағдарламасы арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін қаражатын алып беремін деп 25 адамды алдап 30 млн теңгені иемденіп алған алаяқты ұстады. Тексеру барысында  ол 1992 жылы туған Алматы облысының  тумасы екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Аталған дерек негізінде ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.