Атырауда 25 мың гектарға жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, қазір игерілмеген жерлерді қайтарып, қайта айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ермекқали мәлім етті, - деп хабарлайды
- Министрліктің жыл сайын бекітіп отырған жоспарына сәйкес, өңірде ауылшаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланды. Бүгінде оның 25 мың гектарға жуығы қайтарылып, жоспар 23%-ға орындалды. Оның 20,5 мың гектары жайылым, 1,9 мың гектары егістік, ал 2,4 мың гектары басқа да алқапты жерлер. Жылдың аяғына дейін бекітілген жоспарды толықтай орындау көзделуде, - деді Ә.Ермекқали.
Айта кетейік, облыста 43,5 мың гектарды құрайтын 94 жер учаскесі конкурс арқылы жер пайдаланушыларға табысталған.
Фото freepik