Томарлы ауылында екі қабатты дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау қаласының Томарлы ауылында жалпы аумағы 240 шаршы метрді құрайтын екі қабатты дүкендердің бірінде өрт орын алды.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел түрде жетті. Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың басқа бөліктеріне таралуына жол берілмеді.
Өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді.
Өрт салдарынан ғимараттың шатыры мен ішкі әрлеу жұмыстары 120 шаршы метр аумақта зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.