Қазір өңірде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 100 ден астам техника және 300 қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде, 4-12 ақпан аралығында 23 мың текше метр қар шығарылса, 282 тонна реагент себілді. Жұмылдырылған техникалар арнайы нұсқама бойынша қаланың әр аумағында, яғни, орталық көшелер мен екінші деңгейлі көшелер және ауылдық округтерде тиісті жұмыстарды атқаруда. Бүгінгі күні жол жиегінде және жеке секторда жинақталған қарды тазалау жұмыстары да белсенді атқарылуда.