Атырауда 22 жастағы әйел есірткімен ұсталды

Есірткі сатып пайдаға кенелмек болған 22 жастағы азаматшаның әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2 қыркүйек күні облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын сақтаған 2001 жылы туған күдіктіні анықтаған. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл 13,66 грамм "Альфа-PVP" және 0,94 грамм "Мефедрон" – синтетикалық есірткі болып табылады.

Қазір күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Күдіктінің айтуы бойынша ол желідегі жарнама арқылы ақшасына қызығып шілде айында жұмысқа орналасқан.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1 тармақшасы, КПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ