Ұлыстың Ұлы күніне орай 21 наурыз сағат 10.00-ден бастап 22 наурыз сағат 20.00 аралығында қаладағы кейбір көшелер уақытша жабылады.
Атап айтқанда:
1) Қ.Сәтбаев-Ә.Молдағұлова көшелері қиылысынан бастап Қ.Ерниязов көшесіне дейін;
2) Исатай даңғылы-Қ.Сәтбаев көшесі қиылысынан бастап Б.Жарбосынов көшесі қиылысына дейін;
3) Құлманов-Ерниязов көшелері қиылысы.
Естеріңізге сала кетейік, қалада Наурыз мейрамына орай 21 наурыз күні сағат 11.00-ден бастап және 22 наурыз күні сағат 10:00-ден театрландырылған көрініс қойылады. Осы күні орталық алаңда қазақтың ұлттық ойындары қазақ күресі, қой көтеру, арқан тарту, қол күресі, асық ату, гир көтеру түрлерінен жарыстар өткізіледі.
Ал 22 наурызда сағат 19:00-22:00 аралығында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылмақ.
М.НҰРТАЕВА.