Ол мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/568926-atyrau-oblysynda-20-a-zhuy-mekeme-yzmetkerlerdi-y-yn-b-z-an
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Мәселен, Теңіз кенішінің аумағында жұмыс істейтін «Интер Таско», «Голд Констракшн», «Вест Дала» секілді мекемелер қызметкерлеріне жалақыны уақытылы бермеген. Тексеріс жұмыстарының қорытындысы бойынша 1000-нан аса азаматтың құқығы қорғалып, оларға 600 миллион теңгеден астам төлемақы берілді.
Бауыржан Жұмақанов, Атырау облысының прокуроры:
–Заң бұзған мекеме басшылары мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Теңізшевройл» компаниясы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында өз қызметін жақсы атқарып отыр. Бірақ ірі компанияның мердігер мекемелері заңсыздыққа жол беріп келген. Облыстық прокуротура жүргізген тексеріс нәтижесінде осындай олқылықтарды анықтады.