Атырауда 2 тоннадан астам балық өнімдері тәркіленді

 
Атырау облысы аумағында 1 сәуір – 31 мамыр аралығында броконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Бекіре – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
 
Іс-шара кезінде теңіздегі заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған балық қорғау инспекциясымен бірлесіп Еркінқала поселкесінде орналасқан Каспий теңізіне шыға берісінде және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде жылжымалы кемелердің мобильдік топтары құрылып, Еркінқала, Дамба, Алғабас елді – мекені айналма жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ бөлініп, қызмет атқарылды.
 
Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 64 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде, 6 іс-құжаттарда күдіктілердің іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының анықталуына байланысты, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Анықталған құқық бұзушылық бойынша 4 су қайығы тәркіленіп, аулаға қойылды, 3 айғақ зат (ау,тор құралдары) және барлығы – 2 тонна 464 келі болатын балық өнімдері анықталды, оның ішінде 207 келі бекіре тұқымдас балықтары тәркіленіп, «Надежда», «Тілекші» және «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.
 
Жайық-Каспий аумағында балық қорын қорғау, заңсыз табылған су биоресурстарын сату мен тасымалдау және браконьерліктің алдын алу мақсатында Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-шараларды күнделікті жүргізіп жатыр.