Атырауда 2 мыңнан астам адаммен діни оңалту жұмыстары жүргізілді

Атырау облысында деструктивті діни ағымның өкілдерімен жүргізілетін оңалту шаралары жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Биыл алғашқы жартыжылдықта 2006 адаммен жеке жұмыс жүргізіліп, нәтижесінде 1076 адам қоғамға бейімделіп, 272-сі толық оңалды. Бұл туралы облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев мәлім етті. Басқарма басшысы бүгінде осы бағытта 74 теолог пен 2 психологтың жұмыс істейтінін атап өтті. Жазасын өтеушілер арасында да оңалту шаралары тұрақты жүргізілуде.

– Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеуші 245 адаммен 361 жеке кездесу өткізілді. Олардың ішінде 34 адам қазақ қоғамының құндылықтарына бейімделді. Бұл – деструктивті көзқарастан арылудағы нақты нәтиже, – деді Қ.Мұсаев.

Сондай-ақ діни ағымдарға қызығушылық танытқан 91 жасөспіріммен 98 кездесу өткізіліп, нәтижесінде 14-і толық оңалып, 57-сі қоғамға бейімделді. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда оңалғандар санының үш есе, ал бейімделгендердің екі есе артқанын көрсетеді.

Сәуле МАҒАУ