Атырауда «Каникул» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Атыраулық полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 14-16 шілде күндері облыс көлемінде «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты болдырмау – бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Іс-шараны барысында әр түрлі (жертөле,саяжай,өзен,көлдер жағалары, вокзал,сауда нүктелері және т.б.) кәмелетке толмағандар жиналатын орындар тексерілді. Ішкі істер органдарына әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 194 кәмелетке толмаған әкелінді. Жасөспірімдермен жасалған 211 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 211 ересек тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
- ІІО-ның профилактикалық есебіне 5, тізімдік есепке 4 кәмелетке толмаған және 1 қолайсыз отбасы қойылды. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда орын алып отырған оқыс оқиғалар, оның ішінде суға кету деректері, жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттар, көп қабатты үйлердің терезесінен құлау оқиғалары, бұралқы иттердің қабуы т.б адам өміріне қауіпті оқиғаларды мысалға келтіре бұқаралық ақпарат құралдары, интернет желілері арқылы, сонымен қатар, халықтың көп шоғырланатын орындарына, яғни аялдамалар, орталық базар, халыққа қызмет көрсету орталығына фото, хабарламалар ілініп, халық арасында түсінік жұмыстары жүргізілді-деп атап өтті, Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Орынгүл Кушкалиева.