Атырауда 19 қазанға дейін 244 үй жылумен қамтамасыз етіледі

Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің 80% жылуға қосылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, Атырауда 1019 үй қысқы жылыту маусымына толық дайын.



- 16 қазандағы жағдай бойынша 775 үй жылытуға қосылған. 19 қазанға дейін қалған 244 үй жылумен толық қамтылады, - деді ТКШ қалалық бөлімінде.



Қазіргі уақытта ПИК және ТКШ басшыларына қалған 244 үйге жылуды қысқа мерзімде қосу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. 200-ден астам үйге жылуды қосу кешігуіне байланысты ПИК басшыларына тиісті шаралар қабылданады.