Атырауда 18 жасқа толған жас сайлаушы алғаш рет дауыс берді

Атырау қаласындағы №8 референдум учаскесінде 18 жасқа толған Әсетова Аружан республикалық референдумға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады. Ол референдум учаскесіне келіп, дауыс беру рәсімінен өтіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосты.

Жас сайлаушының айтуынша, бұл күн оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Өйткені кәмелет жасына толғаннан кейін алғаш рет дауыс беру арқылы азаматтық позициясын білдіру мүмкіндігіне ие болған.

– Бүгін мен алғаш рет дауыс беріп отырмын. Бұл мен үшін өте маңызды әрі жауапты қадам. Әрбір жас елдің болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын, – дейді Аружан Әсетова.