27 Қаңтар, 2023 200

Атырауда 171 тұрғын үй өртенді (ВИДЕО)

 Атырауда 171 тұрғын үй өртенді (ВИДЕО)

Өрт оқиғасының алдын алу бағытында Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

Өңірде былтыр 321 өрт оқиғасы орын алды. Оның 171-і тұрғын үй секторына жатады. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметімен бірлесіп арнайы іс-шара өткізді. Мақсат – автосатының көпқабатты тұрғын үйлердің арасынан өту мәселесін қарау, халықтың назарына ұсыну.