Атырау облысында балабақшаларға кезекте 17 438 бала тіркелген, деп хабарлайды AtyrauPress.
Мұнайлы өлкеде мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді жою бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Нақты елді мекенде демографиялық өсуді, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың болуын ескере отырып, жалпы саны 4 140 балаға арналған 17 балабақша құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл Атырау қаласы мен қала маңындағы 13 балабақша (3540 орын) және аудандардағы төрт балабақша (600 орын).
Биыл жазда 9 балабақша бүлдіршіндерді қабылдайды. Тағы 7 мектепке дейінгі мекеме келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бір балабақша бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА