Атырауда 16-17 шілде түнінде су өшіріледі

Бұл туралы "Атырау облысы Су Арнасы" КМК хабарлады, деп жазады AtyrauPress тілшісі.

"Атырау облысы Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тұтынушылардың назарына мынаны жеткізеді: 16 шілде күні сағат 24:00-ден бастап 17 шілде сағат 06:00-ге дейін магистралды су құбыры (диаметрі 630 мм) желісінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша су беру тоқтатылады.

Магистралды су құбырындағы жөндеу жұмыстары кезінде қаланың су тазарту құрылыстарының жұмысы уақытша тоқтатылады.

Мадина Серікқызы

Фото: pixabay