Өңірде соңғы бес айда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 15 сайтты бұғаттауға ұсыныс жолдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бір өкініштісі, интернетте қызып жатқан есірткі саудасын тоқтату үшін облыста ақпараттық технологияны жетік білетін мамандар жетіспейді екен. «Тромодол» есірткі қатарына енгізілгенін айтып жар салғанымыз сол еді, енді оның орнына жаңа препараттар пайда болды. Олар да дәріханалық нашақорлыққа жатады. Енді мамандар күдікті адамның ағзасынан дәрілік есірткіні анықтай алмай әлек болып жүр. Сондықтан синтетикалық есірткінің жаңа түрін анықтайтын заманауи құрылғы қажет-ақ.
«Есірткінің синтетикалық және өзге де ауыр түрлері біздің облысымыда бар. Сәйкесінше, қылмыс саны да артып отыр. Есірткі құралдары мен психотпроптық заттардың саны бүгінде 350-ден асып жығылады. Осы ретте, ата-аналармен де бірлескен жиындар көбірек ұйымдастырылуы тиіс. Оларға балаларының синтетикалық есірткі пайдаланып жүргенін қалай анықтауға болатыны қарапайым тілмен түсіндірілуі керек. Арнайы құрылған штаб мүшелері қоғам белсенділерімен бірлесіп жұмыс жасауы қажет. Түйткілді ахуалды ашық жеткізу маңызды» дейді мамандар.
Ал, облыстық полиция департаментінің мамандары жұмысқа кедергі келтіретін жайттар барын жасырмайды. Қолдағы зерттеу құралдары есірткінің танымал түрлерін ғана анықтай алады екен. Екіншіден, сора шөбін өсіру алқаптарын анықтау үшін тікұшақ пен дрон қажет. Осы орайда, қажетті құрылғылар алуға облыстық бюджеттен қаражат қаралмақ.
– Синтетикалық есірткі-психологиялық және физикалық тәуелділікті тудыратын жасанды жолмен алынған психоактивті заттар. Өкінішке орай, елдің жас халқы "синтетикалық есірткі" деп аталатын тұтынудың жаңа тенденциясына тап болды. Негізгі себеп-бұл заттардың қол жетімділігі мен арзандығы, интернет пен мессенджерлер арқылы сатып алу мүмкіндігі, ересектердің балаларының бос уақытын бақылаусыз ұстау. Балалар мен жасөспірімдер ең осал орта болып табылады, оларда есірткі заттарының зияны туралы нақты білім жоқ. Оларды қолданатын балалар өздерінің тәуелсіздігі мен тәуелсіздігін көрсететін басқа жігіттерді қабылдауға деген ұмтылыстан туындауы мүмкін. Адам баласы үшін ең бірінші байлық-денсаулық. Алайда адамдар өз денсаулықтарына зиянын тигізіп, қауіпті болсада осы затты пайдаланып жүр. Бұл затты қолданушылардың басым көпшілігі жасөспірімдер, олар үшін бұндай шақтарында тыйым салынған бұл затты қолдану мен үшін олардың болашағын жоюмен тең, - дейді полицейлер.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ