Атырауда 15 наурызда автобус тегін қатынамақ

Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 15 наурыз күні Атырау қаласында қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Бұл шешім тұрғындардың референдум учаскелеріне кедергісіз баруына, сондай-ақ қала ішінде еркін қозғалуына қолайлы жағдай жасау үшін қабылданды. Аталған күні қала аумағында қатынайтын автобустар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Тұрғындар мен қала қонақтары қоғамдық көліктерді ақысыз пайдалана алады" делінген хабарламада.

Амандық АБДОЛ