Атырауда 15 наурызда ауа райы күрт бұзылмақ

Атырауда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"15 наурызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін барады. Ал, Атырау қаласында бұл күні күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с дейін жетеді" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ