Атырау облысы бойынша қазіргі таңға дейін 15 мың шетелдік автокөлік жеңілдікпен тіркелді. Бұл туралы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығының бастығы Жеңіс Дәулетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ел арасында «Жеңілдікпен тіркеу мерзімі қашан бітеді?» деген алаңдаушылық бар. Бірақ жауапты мамандар тиісті іс-шараларды дұрыс атқарғандарға шектеу мерзімі жоқ екенін атап өтті.
- Шетелдік автокөліктерді тіркеуге қатысты 1-шілдеге дейін өтінім жіберген азаматтарға белгілі бір мерзімде шектеу жоқ. Жауапты мамандармен өтінімдердің заңдылықтары тексеруден өту, үш этапқа бөлінеді. Олар: конструктор, легализация және уақытша тіркеу. 22-мамырда «конструктор» заңдастыруы басталды. 1-шілдеге дейін өтінім берген азаматтың құжаттарының дұрыстығын қолма-қол тексеріп, талапқа сай келсе, оны электронды бекіту парағына қосамыз. Өтініш беруші қайтадан онлайн өтініш жіберіп, электронды бекіту парағы арқылы алдын-ала тексеруден өтеді, кейін оны криминалист-сарапшы тексеру үшін арнайы орынға жібереді,- деді Ж.Дәулетов.
Оның айтуынша, легализация талаптарына толық сәйкес көліктер өтініш берушінің жеке куәлігін, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлігін, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжатын тапсырған жағдайда, жеңілдікпен тіркеуге толық рұқсат беріледі.
Ал, уақытша тіркеу мерзімі 5 жыл. Осы уақытта көлікті елімізде тіркеу керек, не елден шығару қажет. Уақытша есепте тұрған машинаны сатуға және онымен шетелге шығуға болмайды. Автомобильді бұрынғы елде есептен шығарған соң 200 мың теңге төлеп, заңдастыруға болады.
Қазіргі таңда 1 қарашаға дейін шетелдік автокөлікті тіркеуге қою туралы 1414 бірыңғай байланыс орталығынан хабарламалар келіп түсуде. Алайда ПД-нің жауапты маманы 1 шілдеге дейін өтінім жіберген азаматтарға тіркеу бойынша шектік мерзім жоқ екенін еске салады.
Фото: "фейсбук"