Атырауда 14 күн су болмай ма?

Атырауда екі апта бойы ыстық су болмайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргзуіне байланысты «Атырау жылу жүйелері» АҚ 2024 жылдың 2 мен 15 қыркүйек аралығында қала бойынша магистральды жылу құбырлары толық тоқтатылатынын және көрсетілген мерзімде барлық жылу пункттерінен уақытша ыстық су беру тоқтайтынын хабарлайды. Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" делінген  «Атырау жылу жүйелері» АҚ ресми хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com