Атырауда 4-15 қыркүйек аралығында ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Атырау жылу жүйелері» АҚ мекемесінің хабарлауынша, күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қала бойынша магистральды жылу құбырларын толық тоқтатылып, көрсетілген мерзімде барлық жылу пункттерінен уақытша ыстық су беру тоқтайтынын хабарлады.