Атырауда 12 бала эвакуацияланды...

Атырауда құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға бүгін таңертең Атырау қаласында болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төбесінде автокөлік шинасы жанды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, жедел түрде сөндірілді. Құтқарушылар 1942 жылы туған әжені таза ауаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, үйдің 45 тұрғыны, оның ішінде 12 бала алдын ала эвакуацияланды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ