Бұл туралы ATPress.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға 13 тамыз күні Құрманғазы ауданында болған.
"Сағат 15.40-тан бастап Құрманғазы ауданында Хиуаз ауылының шетінде, Шароновка өзенінде 2011 жылы туған қызды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ол сағат 13.50-де суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Іздестіру жұмыстары сағат 23.00-де тоқтатылды, нәтиже бермеді. 14 тамызда жалғасады" делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті (6 қызметкер, 2 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (2 қызметкер, 1 бірлік техника), жергілікті тұрғындар (20 адам, 1 жүзу құралы) қатысты.
Кейін белгілі болғандай, 14 тамыз күні қыздың денесін ауыл тұрғындары тауып алып, судан шығарған.