Атырауда «103» нөмірі уақытша істен шықты

«Көмек» автоматтандырылған жүйесіндегі ақауларға байланысты «103» пультіне қоңырау шалу уақытша мүмкін емес, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуинкациялар қызметі мәлім етті. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 28 желтоқсан күні таңғы 08:00 ден бастап техникалық ақауларға байланысты «103» нөмірі қоңырау қабылдай алмайды. Қысқа мерзімде жүйенің барлық техникалық кемшіліктері жойылады және «103» қызметі қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Атырау облысының тұрғындарынан қалалық телефондар арқылы уақытша хабарласуларыңызды сұраймыз:

95-67-72;
95-67-67;
51-94-64;
30-63-00.