Атырауда 100 шақырымға жуық электр желісі жаңартылмақ

Алдағы екі жылда Нұрсая шағынауданында 66 шақырым электр желісі тартылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ал биыл қала бойынша электр қуатымен мәселе туындаған кейбір ықшамауданда 32 шақырым болатын өзін-өзі оқшаулағыш (самоизолирующийся) желі тартылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, қазіргі уақытта қазу жұмыстары басталды.

- Шаһар ішінде желі тарту жұмыстары Водников, Жұлдыз, Жұлдыз-3, Атырау, Нұрсая шағынауданында және Б.Құлманов 139, 147, 154, 154а, Қ.Сатпаев 33, 35, 25, 27, 29, мекенжайлары мен Б.Аманшин, Р.Ғабдиева көшесінде жүргізіледі. Жұмыстар бұрын келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып жасалуда. Нәтижесінде қаладағы электр мәселесі шешімін тауып, қуат көзі қалыпты жұмыс істейді деп күтілуде,- деді Ғ.Төлеген.