Атырау облысында 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
12 қыркүйек күні Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Исатай ауданы, Сарыөзек ауылының тұсында 30 жастағы тұрғынның басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.
"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі", - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА