22 «наурыз», 2022 1521

АТЫРАУДА 100-ДЕН АСТАМ БҮЛДІРШІНГЕ НАУРЫЗ-ҚОРЖЫН ҮЛЕСТІРІЛДІ

 АТЫРАУДА 100-ДЕН АСТАМ БҮЛДІРШІНГЕ НАУРЫЗ-ҚОРЖЫН ҮЛЕСТІРІЛДІ

Атырауда «Достық» үйінде Наурыз мерекесіне орай өткен мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов бүлдіршіндерді құттықтап, сыйлықтар тапсырды”, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов осы жылдың “Балалар жылы” деп жариялауының маңызын атап өтті. “Балалар -  біздің жарқын болашағымыз. Олардың алаңсыз білім алуына, денсаулығының мықты болып, әлеуметтік тұрғыдан қиыншылық көрмей дамуына бар күшімізді саламыз.  Биыл бірқатар жобалар жоспарланып отыр. Балаларымыздың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау жалғаса береді”,-деген облыс басшысы балаларды жаңа жылмен құттықтады. Мерекелік кеште 100-ден астам бүлдіршінге «Наурыз-қоржын» сыйлықтары үлестіріліп, анимациялық қойылымдар көрсетілді. Салтанатты шарада түрлі ұлт өкілдерінің ән-жырлары шырқалып, би биленді. Бұдан бөлек,  ыстық бауырсақ пен наурыз көже таратылды.  Киіз үй құрылып,  өзге ұлт өкілдерінің ұлттық тағам, қолөнер бұйымдары қойылған  жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Жәрмеңкеден түскен қаржы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.