Облыстық полиция департаментінде «Күзгі кезеңгі азаматтардың әскери борышын өтеуге тарту жұмыстары» туралы жиын өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
6 қараша күні департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиевтің қатысуымен «Күзгі кезеңгі азаматтардың әскери борышын өтеуге тарту жұмыстары» тақырыбында жиын өтті. Мақсат – Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында белгіленген талаптарды сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуге жұмыстану.
Сондай-ақ, жиында 10 қарашадан бастап Ұлттық ұлан командаларын жасақтау кезеңінде жергілікті әскери органдарымен бірлесіп шақыру пунктеріне келуден жалтарған адамдарды анықтау мәселесі талқыланды.
Полиция департаменті ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының талаптарын орындау бағытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен бірлескен жұмыстар атқаруда. Учаскелік полиция инспекторлары қорғаныс істері жөніндегі бөліністер және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге әскерге шақыру бойныша азаматтарға шақырту қағаздарын таратуда.
Сонымен қатар, күзгі маусымда әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ