Ертең түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Казгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының мәліметінше, бүгін солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы +8 градусқа дейін жоғарылайды.
11-ші қарашада облыс бойынша ауа температурасы күндіз +4 +9, түнде +5 градус жылы. Ал Атырау қаласында көшпелі бұлт болғанымен жаңбыр жаумайды деген болжам бар. Солтүстік-батыстан секундына жылдамдығы 5-10 метрдан аспайтын жел соғады. Ауа температурасы қалыпты.
Фото freepik