Жол-патрульдік полиция қызметкерлері төленбеген 1 млн 152 мың теңгені құрайтын 52 айыппұлы бар жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"20 маусым күні сағат 16:30 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында маркасы Kia автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, 1968 жылы туған жүргізуші иесінің төленбеген 1 млн 152 мың теңгені құрайтын 52 айыппұлы бар екендігін анықтады. Аталған факті бойынша 1968 жылы туған басқаруындағы көлік құралы ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, Мақат АПБ-нің арнаулы тұраққа жеткізілді", - делінген хабарламада.
Жүргізуші түсініктеме беру кезінде осынша айыппұлының барын және Сергек камерасы арқылы түскенін білмейтінін айтқан. Сондай-ақ шетелдік көліктердің ақпараты Сергек жүйесіне жазылмайды деп ойлаған.
Осы ретте, атыраулық полицейлер тұрғындар назарына автокөлік құжаттарының дұрыстығын тексеріп, көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттігін қадағалауды ескертеді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА