Атырауда 1 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар автокөлік анықталды

10 қараша күні сағат 12:55 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы маркасы Toyota автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызыметкерлеріне бағыттама берген.

Полицейлер автокөлікті тексеру кезінде автокөліктің 1 059 825 теңгеден астам 40 айыппұлы бар екені анықталды. Қазіргі таңда 1980 ж.т жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.