Атырауда 1 800-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Биылғы бірінші тоқсанда прокурорлар 1 800-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ATPress.kz.

 Бұл туралы   Атырау қаласының прокуратурасы мәлімдеді.
Әртүрлі бұзушылықтар бойынша 6 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауап-кершілікке тартылды.
Мысалы, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен негізсіз 200 шағын кәсіп¬керлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік гранттың игерілуіне қатысты заңсыз тексеріс жүргізгені анықталды.
Қала прокурорының қаулысы негізінде лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тар¬тылды. Тексерулердің күші жойылды.
Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин хабарлаған-дай прокурорлық ден қою шаралары бойынша бұдан да өзге уәкілетті органдардың 300-ден астам тексеруінің күші жойылып, заңсыз деп танылды, оның ішінде есеп шоттарға тыйым салу ша¬ралары алынып тасталды, ХҚКО қызметінде шағын бизнес субъ¬ектілерін тіркеуден заңсыз бас тарту және жер учаскесін кеңейту кезінде эскиздік құжат ұсыну заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.
Бұдан басқа, жылу және сумен жабдықтау қызметтері бойынша кәсіпкерлер үшін тарифтер 66%-ға дейін төмендетілді.