Атырауда 1 320 жаңа жұмыс орны ашылмақ

Атырауда инвестициялар мен агроөнеркәсіп саласында нақты нәтижелер байқалуда, деп хабарлайды АтырауPress.


Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
«Биыл облыста үш ірі мұнай-газ инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр, жалпы құны 10,7 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар, 20 инвестициялық жоба арқылы 1 320 жаңа жұмыс орны ашылады. Агроөнеркәсіп кешенінде 116,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, мал шаруашылығында да өсім бар», – деді әкім.
Айта кетейік, келесі жылы 12 жаңа агроөнеркәсіптік жоба іске қосылады, жалпы құны 48,3 млрд теңге.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Фото freepik