Атырауда №2 мектептен жарылғыш құрылғысы табылған жоқ

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды.

 №2 мектептің ғимаратын тексеру барысында ешқандай жарылыс құрылғылары анықталған жоқ.

Қазіргі таңда хабарлама иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабымен  қылмыстық жаза көзделген.

Атап айтқанда, бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.