Атырауда № 76 жабық учаскеде дауыс беру жүргізілуде

Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемесінде №76 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізілуде УГ-157/1 мекемесінің бастығы Думан Таженовтың айтуынша, учаске сағат 07.00-де ашылды және осы жердегі орналасқан барлық 181 тергелуші  заңды дауыс беру құқығын пайдаланды. Д.Таженов тергеу изоляторында алдын ала дауыс беру үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
Дауыс берушілер өз таңдауын жасап болған соң, аталған учаске уақытынан бұрын жұмысын аяқтауға мүмкіндігі бар. 
Еске сала кетейік, референдум бойынша дауыс беру жергілікті уақытпен 20.00-де аяқталады.