Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті хабарлайды.
Атырау қаласының Азаттық көшесі 96 Б мекенжайында орналасқан № 3 халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында жөндеу жұмыстары басталды.
Осыған байланысты, Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары уақытша "Нұрсая" шағынауданындағы ауданы Әбілхайыр Хан даңғылы 66 мекенжайында орналасқан № 1 ХҚО ғимаратына көшеді.
Егер сіз № 3 ХҚО-ға бұған дейін құжаттар тапсырсаңыз, дайын болған құжаттарды сол ғимараттың 2-қабатынан ала аласыз.
Фото ашық дереккөздерден алынды.