Атырауда тасжолда мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

15 шілде күні Атырау облысы аумағын қиып өтетін республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 720-шақырымы тұсында  мас күйде көлік жүргізген жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Тасжолда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күдік тудырған жүк көлігін тоқтатып, тексеру кезінде көлік жүргізушісінен алькогольдік, спирттік иіс байқалған. Медициналық сараптамадан өткізу барысында 1993 ж.т. көлік жүргізушісінің орта дәрежелі мас екендігі анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама жасақталып, сотқа дейінгі әкімшілік қамауға алынған. Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім табу үшін Исатай аудандық әкімшілік сотына жолданды.

«Алькогольді мас күйде көлік жүргізгені үшін 1993 ж.т. азаматқа қатысты сот шешімімен 15 күнге қамау алу немесе 7 жыл мерзімде көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген», - делінген хабарламада.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА