Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кәсіпкер "Атырау жылу желілері" АҚ қызметіне қатысты шағымданды. Олар кәсіпкерге 8 ай бойы бекіту арматурасын жеткізгені үшін 56,1 млн теңге төлемеген.
"Атырау жылу желілері" АҚ бас тартуды шарт талаптарында 360 банктік күн ішінде төлем жасау көзделгендігімен түсіндірді.
Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынылған құжаттарды зерделеу барысында осы ұйыммен шарт жасасқан барлық кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қиындық тудыратын әкімшілік кедергілерді анықтады.
Мәселені шеші үшін, облыстық Табиғи монополияларды реттеу және Бәсекелестікті қорғау департаменттерімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және әлеуетті өнім берушілер тарапынан өтініштерді азайту мақсатында жоғары тұрған органдарға тауарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізгені үшін ақы төлеу шарттарына нақты мерзімдерді көрсету түрінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды.
Бұдан басқа, "Атамекен" Атырау облысының ӨКП және мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде кәсіпкерге берешекті төлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта кәсіпкерге 30 млн теңге сомасында қарыз төленді, ал қалған бөлігі ай сайын 10 млн теңгеден аударылатын болады.
Фото: freepik.com