Жоспарға сәйкес 407 білім беру ұйымы, 154 денсаулық сақтау нысаны, көпқабатты 1741 тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспан қоғамдық кеңесте айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл 27,5 шақырым жылу желілерінің 25,9 шақырымы күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар, 6,4 шақырым су және кәріз желілері қайта жаңартылған.
Бұдан бөлек, «Атырау Жарық» АҚ биыл 742 шақырым электр желісіне, 14 подстанса, 76 дана трансформаторлық подстанса және тарату стансасы мен қосалқы трансформаторлық стансаларға, жоғары вольттік 50 трансформаторға жөндеу жұмыстарын жүргізген.
- «Атырау ЖылуЭлектрОрталығы» стансасының 4 жылу агрегаты (№1, №3, №4, №13) және 2 турбоагрегатқа (№10, №12) күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланды. Қазіргі уақытта 4 жылу агрегаттың және №10 турбоагрегаттың жұмысы толықтай аяқталып, №12 турбоагрегат жұмыстары 43%-ға орындалды. Осыған байланысты жылыту маусымына дайындық жұмыстары күнделікті бақылауда, - деді Ж.Оспан.