Атырау жолдарына реагент себілді

Қысқы жол қауіпсіздігі: облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына реагент себілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Атырау-Индер және Сағыз-Миялы тас жолына 90 текше метр реагент себілді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Ержан Хайноллаев мәлім етті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталған жұмысқа 14 техника мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

- Жалпы қыста жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1261 тонна инерттік материал мен 1071,5 тонна жанар-жағармай қоры әзірленді. Көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеміз, - деді Е.Хайноллаев.

Сәуле МАҒАУ

Фото: ru.freepik.com