21 «Желтоқсан», 2022 389

Атырау ЖЭО сары аймақтан бір шықты

 Атырау ЖЭО сары аймақтан бір шықты

Қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлерде жүргізілген көшпелі тексеру қорытындысы бойынша жылу энергиясын берудің шектелуіне, жылудың тұрақты берілмеуіне, резервтік энергия көздерінің және жөндеу материалдарының апаттық қоры болмауына, энергия құрал-жабдықтарының әбден тозуына, сондай-ақ өңірлерге көмірдің уақтылы жеткізілмеуіне қатысты деректер анықталды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Жергілікті атқарушы органдардың есептеріне қарамастан, бірқатар нысан жылыту маусымына дайын болмай шықты.

Осыған байланысты Үкіметке анықталған барлық факті бойынша шаралар қабылдау және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін қарастыру тапсырылды.

Сонымен қатар еліміздегі 37 жылу электр орталығының техникалық жағдайына кешенді талдау жүргізіліп, олардың қандай тәуекел топ санатына жататыны анықталды. 19 ЖЭО қауіптілігі жоғары «қызыл», 11 ЖЭО «сары» және 7 ЖЭО «жасыл» санатқа кірді.

Энергетикалық кешеннің тұрақты жұмыс істеуі үшін Үкімет пен әкімдіктерге мынадай шараларды қабылдау тапсырылды.

Шұғыл түрде:

- түйткілді жылу электр орталықтары мен жылу желілеріндегі жағдайды түзету үшін шұғыл шаралар жоспарын әзірлеу;

- «қуат нарығы» шеңберінде 2023 жылы ЖЭО-ларды жөндеу науқанын жүргізуге қажетті 90 миллиард теңгеге жуық қосымша инвестиция тартуды қамтамасыз ету;

- жылу энергетикалық компаниялардың өндірістік қызметкерлерінің еңбекақысын орташа нарықтық жалақы деңгейіне дейін арттыруды қамтамасыз ету;

- жылу желілеріне техникалық аудит жүргізу және электр желілері активтеріне, соның ішінде оларды жекешелендірудің заңдылығы мен коммуналдық меншікке берудің тиімділігін тексеру;

- халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды субсидиялау түрінде атаулы көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

- энергетикалық кәсіпорындардың қызметін бақылауды күшейту мақсатында Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің штатын күшейту.

Жүйелі түрде:

- энергетикалық нысандар қызметінің тәуекелдерін басқару ісін бағалауды жетілдіріп, объектіге шығатын нақты бақылау институтын енгізу арқылы қолданыстағы энергетикалық бақылау жүйесін күшейту;

- Энергетика министрлігіне жылумен қамту саласында магистральді және таратушы жылу желілерін қадағалау функциясын беру;

- жылумен және электрмен қамтамасыз ету нысандарының жай-күйін шынайы бағалау үшін тәуелсіз техникалық аудит институтын енгізу;

- қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны және қаржыны  мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде әкімшілік айыппұлдарды өсіру арқылы энергетикалық кешен субъектілері мен олардың бірінші басшыларының жауапкершілігін  күшейту;

- жылумен және энергиямен қамтамасыз ету субъектілеріне арналған өзара міндеттемелердің регламенттелуін заңнама деңгейінде қамтамасыз ету;

- тариф қаржысын мақсатқа сай пайдаланбаудың және капиталды сыртқа шығарудың алдын алу үшін энергетикалық кәсіпорындар мен табиғи монополия субъектілерінің сатып алуларына мемлекеттік бақылау орнатып, процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету.

Комиссия бірқатар энергетикалық кәсіпорынға қатысты қаржыны жылыстату, сондай-ақ қаражатты мақсатқа сай және тиімді пайдаланбау деректері бойынша жинақталған материалдарды фискалдық және құқық қорғау органдарына тергеу жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдау үшін жолдады.

Фото: ahps.kz

Соңғы жаңалықтар

Облыс әкімі Серік Шәпкенов ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Бүгін, 18:00

Атырауда түнгі тыныштықты бұзған мейрамханаға айыппұл салынды

Бүгін, 16:33

Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды

Бүгін, 15:00

Атырау қаласындағы «қоқыс коллапсы» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Бүгін, 14:11

Танымал әуе компаниясы балаларға арналған 50% жеңілдікті орындамаған

Бүгін, 13:25

Биыл заңсыз айналымнан 745 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 11:52

Атырауда қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін, 10:38

Аймақ басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін, 09:00

Аймақ басшысы «Atyray’» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады (+ФОТО)

Кеше, 18:14

Атырауда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек

Кеше, 18:08

Ташкентте 163 адам жарақат алып, 1 жасөспірім қаза тапты

Кеше, 18:07

"Атырау" газетінің ғасыр тойында жаңа кітаптар жарық көрді

Кеше, 17:40

"Жер шары 250 млн жылдан соң жарамсыз болуы мүмкін"

Кеше, 17:04

Қазақстанда арнайы жасақ туралы фильм көрсетілмек

Кеше, 16:08

Атыраулық жүргізушінің төленбеген 20 айыппұлы бар екені анықталды

Кеше, 15:03

Атыраулық батальонның батылдығы көпті сүйсіндірді

Кеше, 14:07

«Атырау»  газетінің ғасырлық мерейтойына көрме ашылды

Кеше, 13:41

Атыраулық парадзюдошылар қола жүлдеге қол жеткізді

Кеше, 12:03