Атырау ЖЭО қазандықтары күрделі жөндеуден өтті

Биыл Атырау жылу электр орталығындағы қазандықтар күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық мәслихаттың депутаттары мен экология департаментінің өкілдері Атырау жылу электр орталығына барып, жұмысымен танысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

«Энергетика саласындағы экологиялық қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында өткен кездесуде мекеменің жұмысына қатысты мәселелер талқыланды. «Атырау Жылу электр орталығы» АҚ президенті Мақсот Аленовтың айтуынша, қазір мұндағы жабдықтар замануи талапқа сай жаңартылуда

- Соңғы 10-15 жылда жаңартып келеміз. Мәселен, биыл 4 бу қазандығына күрделі жөндеу жасалып, 2 трубинаның біреуі күрделі жөндеуден өтті ал, екіншісіндегі жұмыс қараша айында аяқталады, - деді М.Аленов.

Сәуле МАҒАУ