Атырау қаласы электр желісіне толық қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тек аудандарда ішінара жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы "Хабар 24" мәлім етті. Бүгін жергілікті уақыт 17:25-те Атырау мұнай өңдеу зауытына сырттан келетін электр энергиясы жүйесінде апат болып, зауыт жұмысын тоқтатқан еді. Сол кезде Атырау қаласы жарықсыз қалған. Кешкі сағат 8-ден бастап обллыс орталығындағы ықшам аудандарда жарық қалпына келе бастады. Қазір жағдай қалыпқа түсті. Қалаға жарық толық берілді.
«Атырау Жарық» АҚ хабарлауынша, Атырау облысында электр желілеріндегі технологиялық ақауға байланысты Мақат, Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай аудандарында да жарық болмаған еді. Қазір ол жақтарда да жарық беріле бастаған. Облыстағы ірі мұнай өндіруші компания КТК жүйесіне де электр энергиясы беріле бастады. АМӨЗ жауытына келсек, ол 2 бөліктен тұрады, ескі зауытта жағдай тұрақталды. Енді жаңа зауыттағы қондырғылар біртіндеп іске қосылып жатыр.