Атырау қаласында «Атырау Жарық» АҚ нысандары бойынша баспасөз туры өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
11 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті модернизация мен реконструкциядан өтіп жатқан «Атырау Жарық» АҚ нысандарын аралап, баспасөз турын өткізді.
Бұл шараның мақсаты тұтынушыларды «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа бағдарламасының тариф саясатын жүзеге асыру шеңберінде табиғи монополия субъектілерінің тарифті көтеруден түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы хабардар ету, сондай-ақ монополист кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламасының жүруі мен активтерін модернизациялау жөнінде ақпараттандыру болып табылады.
Баспасөз турына жергілікті атқарушы органдардың, қалалық мәслихаттың өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалының, Атырау қаласындағы БАҚ өкілдері, Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің өкілдері қатысты.
Баспасөз турын «Атырау Жарық» АҚ президенті М.Ғұбашев ашып, қатысушыларды «Атырау Жарық» АҚ-ның 2022 жылға арналған 1 203 984 мың теңге көлеміндегі инвестициялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.
№1 іс-шара бойынша «110кВ әуе желілерін модернизациялау» (ВЛ-110кВ Л-108 «Құлсары-220 ПС - Қаратон-1 ПС») тармағы орындалды. Жоспарлы құны бойынша 1 203 573 мың теңге, нақты шығыны 1 203 984 мың теңгені немесе 100% құрады. Жылыой ауданындағы 76 шақырымдық ВЛ-110кВ Л-108 «Құлсары-220 ПС – Қаратон-1 ПС» әуе желісі модернизацияланды. СК-26, СК-22, СЦ-22 және мырышталған жабыны бар У110-1+5 бағаналар ауыстырылды. AC-70мм² сымдарының орнына AC-240мм² қимасы бар сымдар жүргізіліп, қуаты артты.
2-іс-шара – «Атырау қаласында 0,4-6-10кВ физикалық тозған желілерді жаңғырту». Жоба құны - 67 164 мың теңге.
3-іс-шара – «Арнайы автокөлік активтерін жаңарту». (Кемелік тартқыш-жартылай тіркеме Камаз) - 1 дана, сомасы - 33 290 мың теңге.
Аталған іс-шаралар бойынша ТП 10/0,4 кВ264/3 жаңа трансформаторлық пунктінің құрылыс жұмыстарының барысы, сондай-ақ жақын арада монтаждау жоспарланған 29/3, КТП 38/14 жабдықтары тексерілді.
Қалалық электр желілері базасында «Атырау Жарық» АҚ 3 іс-шара бойынша сатып алынған Камаз Апта тартқыш-пролуприцепін қарап шықты.
Бұдан басқа, «Атырау Жарық» АҚ баспасөз турына қатысушыларды ағымдағы 2023 жылғы Инвестициялық бағдарламаның орындалу барысымен таныстырды. Жаңа ТК 10/0,4 кВ 264/3 трансформаторлық пунктінің құрылысы аяқталған, сондай-ақ 2023 жылғы инвестициялық бағдарлама шеңберінде сатып алынған арнайы автокөлік, Камаз шассидегі автокран 25тн, «АНГИСТРЕМ-3» электротехникалық зертханасы тексерілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ